Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг: бағдарламаға қанша миллиард бөлінеді

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы 14 шілде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беруді бастауды тапсырды. Бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте қатысушылар «Жасыл Даму» АҚ (ӨКМ операторы) қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизинг тетігін іске асырудың негізгі тәсілдерін талқылап, келісті.

Бұл механизмді биылғы жаппай жинау жұмыстары басталғанға дейін қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр.ҚР АШМ баспасөз қызметі

Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады.

Бағдарламаны қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады. Оған шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.ҚР АШМ баспасөз қызметі

14 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы ӨКМ операторы есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдікпен несиелеу механизмін енгізуді тапсырды.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды