Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. «Қазгидромет» РМК
Айдың басында елдің солтүстік жартысында ауа райының салқын болуына солтүстік суық антициклон әсер етеді. Түнде термометрлер +7+15°C-қа, күндіз +17+22°C-қа дейін төмендейді.
Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Солайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді.«Қазгидромет» РМК
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін.
Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі.
Дегенмен, синоптиктердің айтуынша, суық ұзаққа созылмайды.
Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С болады, бірақ жекелеген күндері ауа температурасы төмендейді. «Қазгидромет» РМК
Жаздың соңғы айы күздің алғышарттарымен аяқталады.
Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді.
Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аязға дейін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.«Қазгидромет» РМК