Алматы хайуанаттар бағындағы Лао мен Аружан дүниежүзілік пілдер күнін тойлап жатыр

Сурет: Zakon.kz
12 тамыз – дүниежүзілік пілдер күні. Бұл күннің мақсаты – африкалық және азиялық пілдердің популяциясын қорғау және сақтау қажет екені туралы ақпарат тарату, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пілдер – планетамыздағы ең таңғажайып жануарлардың бірі. Бүгінде пілдердің тек 3 түрі бар. Олар: саванна пілі, азиялық піл және орман пілі. Олардың барлығы ежелгі мамонт алыптарының «туыстары» болып келеді.

Алматы хайуанаттар бағында Лао және Аружан атты екі піл тіршілік етеді. Лао 25 жаста, Аружан болса, одан бір жас кіші. Екеуі де 2000 жылы Лаостан әкелінген.

Хайуанаттар бағының хабарлауынша, пілдер жабайы табиғатта 50-60 жасқа дейін өмір сүреді. Ал жануардың күтімі, жағдайы жақсы болса, одан да көп, 75-80 жыл тіршілік етеді.

Лао жариялылықты ұнатпайды және келушілерден аулақ болуды жөн көреді. Ал Ару – көпшіліктің назарына ұмтылатын нағыз жұлдыз. Бірақ ол әрқашан өзінің қызғаншақ жұбына адал, – деп жазды Алматы хауанаттар бағы Telegram-дағы каналында.
Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай