2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 907,2 мың автомобиль тіркелген.
Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%.Ұлттық статистика агенттігі
Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.
Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен жүреді.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.