Аргентинаның вице-президенті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сурет: pixabay
Кристина Фернандес де Киршнер 2007-2015 жылдары Санта-Крус провинциясында кәсіпкер Лазаро Бейстің пайдасына қоғамдық жұмыстарды жүргізген кезде сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

TN арнасының хабарлауынша, ол кезде Киршнер ел президенті қызметін атқарған. Ол бірнеше рет қылмыстық істер бойынша сотталушы болған. Ол заңсыз баю, алаяқтық, сондай-ақ ақшаны жылыстату және прокурор Альберто Нисманды өлтіруге қатысты деген күдікке ілінді.

2016 жылдың мамыр айында Кристина Фернандес де Киршнерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Содан кейін судья Клаудио Бонадио оны, бұрынғы экономика министрі Алекс Кисиллофа мен Орталық банктің бұрынғы басшысы Алехандро Ванолиді фьючерстік саудада долларды арзан бағамен сатты деп айыптады. Олардың әрқайсысының 1 миллион доллар көлеміндегі мүлкі тәркіленді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады