Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: Тұман түсіп, найзағай ойнап, үсік жүреді

13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда түнде топырақ беті қатып, 1 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының орталығында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, 1 градус үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, кей кезде 23 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың орталығында, солтүстігінде топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді деп күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ беті қатып, 3 градус аяз болады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде Абай облысының батысында топырақ беті қатып, 2 градус үсік болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында түнде топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді деп күтіледі. Павлодарда түнде топырақ беті қатып, 3 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, 3 градус үсік болады деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында шығыстан 15-20 м /с жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда 14 қыркүйек күні таңертең және күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: