Қазақстанның екі облысында 3 градусқа дейін аяз болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер 14 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, түнде Ақмоланың солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында, Павлодардың шығысында, Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында -2...-3°С аяз болады.

Синоптиктердің болжауынша, түнде Қостанай, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде -1...-3°С аяз болады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. Түнде тұман, үсік. Республиканың батыс және шығыс облыстарында жаңбыр жауады, батысында найзағай ойнайды. Қазақстанның басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, - делінген хабарламада.
Түнде Ақмоланың солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында, Павлодардың шығысында, Қарағанды ​​облыстарының солтүстігінде, шығысында -2...-3°С аяз болады."Қазгидромет" РМК

Сонымен қатар синоптиктер түнде Қостанай, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде -1...-3°С аяз сақталады деп болжап отыр.

Елорда мен республикалық маңызы бар екі қалада ауа райы қандай болады:

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 жылы;

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 жылы;

Шымкентте көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 жылы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады