Тоқаев пен Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды.
Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

