Қазақстанның Ресеймен шекарасында ресейліктер тастап кеткен көліктер тоналып жатыр

Сурет: ortcom.kz
Ресейліктер Қазақстан шекарасынан жаяу өту үшін көліктерін сол маңға тастап кеткен. Енді шекара бекеттерінің маңында тонаушылар әрекет ете бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шаған автокөлік шекарасының Ресей жағында 40-қа жуық көлік қараусыз қалған. Бүгінде барлығы дерлік талан-таражға түскен.

"Надежда" басылымының жазуынша, көліктердің терезелері сынған, дөңгелектері алынған.

Куәгерлердің айтуынша, Ресей Федерациясынан Самара бағытында 10-ға жуық қараусыз қалған көліктер барған. Талан-тараж фактілері тіркелмеген және тіркелмейді. Себебі арыз-шағым жоқ, автокөліктерді еркін түрде қосалқы бөлшектерге бөліп, әкетіп жатыр.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, Ресейде ішінара мобилизация жариялады.

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Батыс Қазақстан облысының шекарасын 50 928 ресейлік кесіп өтті. Облыс Ресей Федерациясының бес облысымен – Самара, Саратов, Орынбор, Волгоград және Астраханьмен шектеседі.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды