ІІМ басшысы ресейліктер Қазақстаннан қандай жағдайда экстрадицияланатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Үкімет кулуарында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресей азаматтарын экстрадициялау және беру тәртібі заңмен реттелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші себеп – оған қатысты сұрау салушы мемлекетте қылмыстық іс қозғалуы, Қазақстан заңнамасында да ол қылмыстық жазаланатын әрекет деп танылуы.

Бұдан бөлек, Марат Ахметжановтың сөзінше, рәсімді Ресейдің тиісті құзырлы органдары санкциялауы керек.

ІІМ басшысы экстрадициялау туралы өтініш Ресей мен Қазақстанның бас прокурорларына жіберілетінін, содан кейін қарау рәсімі басталатынын айтты.

Бірақ шетел азаматын экстрадициялау кезінде біз бас тартатын белгілі бір халықаралық міндеттемелер бар: егер ол адамда босқын мәртебесі және басқа да заңды негіздер болса. Марат Ахметжанов

Министр 21 қыркүйек – Ресейде ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кіргенін, 147 мыңы кеткенін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін