Жиынды "Су ресурстары–Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман ашып, алғысөзді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің және қалалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке берді. Бауыржан Ілімшеұлы президент Жолдауында көтерілген қоғамдағы демократия, жаңа экономикалық саясат, ауыл шаруашылығының жаңа секторларын дамыту, заңнама жүйесін жаңғырту сияқты өзекті тақырыптарға тоқталды.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл Жолдау Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша биылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумның жалғасы іспетті болды. Ол саяси оқиғаның алдында өте ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ата Заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жаңа мемлекеттік басқару моделіне, билік пен қоғамның өзара байланысының жаңа форматына ауысы басталды. Мемлекет басшысының Жолдауында, сонымен қатар, заң мен тәртіп, басқару жүйесін қайта құру, сот жүйесінің реформасы секілді тақырыптар көтерілді. Себебі, ескі жүйенің мерзімі өтті, қазіргі таңдағы қолданысқа сай емес. Сол үшін халық арасында үнемі ақпараттық-насихат жұмысы жүргізілуі керек. Көбісі Жоғары соттан кейін шағымданатын орын жоқ деп санайды. Олай емес, біздің елімізде Конституциялық сот бар, – деді Бауыржан Ілімшеұлы.
Жиында қоғамдық кеңестің мүшелері Абдулла Ахметов, Исмаил Шалабаев, Ербол Жолбарысов және басқа да спикерлер Жолдауда көтерілген тек саяси ғана емес, экономикалық мәселелерге, Президент берген тапсырмаларға тоқталып өтті. Олардың айтуынша, бүгінде мемлекетіміз демократияның даңғыл жолына түсіп, елімізде әлеуметтік салаға да баса назар аударылуда.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекетіміздің басты құндылығы – адам және оның өмірі. Дегенмен, өкінішке қарай, бүгінгі таңда денсаулық сақтау қызметі көрсетілмейтін ауылдар да бар. Алдағы 2-3 жылда бізге фельшерлік-акушерлік пункттер құрып, ауылдағы ағайын алысқа сандалмайтындай жағдай жасау керек, – деді Бауыржан Әлтеев.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұлай өте дұрыс болар еді. Мысалы, Анарбек Орман – өз жұмыскерлерінің әлеуметтік құқықтарын үнемі қорғап жүретін жұмыс беруші. Ол басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік қалалық кәсіподақ бірлестігінің құрамына енеді. Және біз қатарымызда осындай мекеме бар екенін мақтан тұтамыз, – деді Бауыржан Әлтеев.