Екібастұзда 515 млн теңгенің су шаруашылығы нысандары мемлекетке қайтарылды

Водоснабжение, система водоснабжения, вода, подача воды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 20:43 Фото: freepik
Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, сорғы станциялары мен құбырларзаң талаптарын бұза отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілмей, жеке басқарушыға берілген.

Бұл ретте нысандар коммерциялық мақсатта пайдаланылғанымен, мемлекет оларды пайдаланудан тиесілі таза кіріс алмаған.

Прокуратураның ұсынуы негізінде сенімгерлік басқару шарттары бұзылып, жалпы құны 515 млн теңгеден асатын су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алдағы уақытта аталған нысандар қайтадан конкурсқа шығарылып, оларды пайдаланудан түсетін таза кірісті бес жыл бойы мемлекеттік бюджетке аудару міндетті шарты белгіленеді.

Осылайша, прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде құны 515 млн теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылып, оны одан әрі пайдаланудан бюджетке кіріс түсіруге мүмкіндік жасалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: