Қазақстанда құны 1 млрд теңгеге жуық жер мемлекетке қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 18:44 Фото: pexels
Павлодар облысында прокуратура жер учаскелерін беру және пайдалану кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратураның мәліметінше, Екібастұз өңірінде жеке орман өсіру үшін ауданы 797 гектар жер учаскесі берілген. Алайда онда ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілмеген.

Сонымен қатар Тереңкөл және Аққулы аудандарында су қорына жататын 820 гектар жер учаскесі бассейндік су инспекциясының қажетті келісімінсіз үшінші тұлғаларға балық шаруашылығын жүргізу үшін берілген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы тиісті қадағалау актілерін енгізді.

"Нәтижесінде заңсыз берілген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, жалпы аумағы 1 600 гектардан асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Олардың кадастрлық құны шамамен 1 млрд теңгені құрайды", – делінген Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ жер қатынастары бөлімдерінің басшылары қоса алғанда, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: