Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий теңізінің жағалауындағы құны 1,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Каспий, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 21:48 Сурет: pxhere
Маңғыстау облысының прокуратурасы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау мақсатында талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша осы жылы Қарақия ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге, ауданы 696,8 га болатын 3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.

Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың  61 дерегі анықталды.

"Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20% - ға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған". Маңғыстау облысының прокуратурасы

Облыс прокуратурасы кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында прокурорлық қадағалау актісін енгізіді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: