Павлодар облысында мемлекетке мыңдаған гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды
Фото: pexels
Павлодар облысы Ертіс ауданы прокуратурасы жалпы ауданы 89 мың гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдаланылу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, заңнамада жайылымдарға түсетін ең төменгі жол берілетін жүктеме бойынша талаптар көзделген. Өйткені ауыл шаруашылығы жануарларының жеткілікті саны жердің құнарлылығын сақтауға, мал азығы қорын қалпына келтіруге жәнет топырақтың тозуының алдын алуға ықпал етеді.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде 54 жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы алқаптарын жер заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланғаны анықталды.
"Жалпы ауданы 56 мың гектардан асатын жер учаскелеріне қатысты 15 дерек бойынша материалдар шаралар қабылдау және тиісті тексерулер жүргізу үшін Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құны 18 миллион теңгеден асатын 2 531,2 гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды". Павлодар облысы прокуратурасы
Қайтарылған жер учаскелері Ертіс ауданының арнайы жер қорына енгізілді.
Алдағы уақытта олар заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарға шаруа және фермер қожалықтарын жүргізу үшін берілетіні хабарланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript