Жамбыл облысында 1,1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында пияз жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінге дейін жиналған пияздың көлемі 1 миллион тоннадан асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дақылдың өңірдегі егістік алқабы жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша 24,5 мың гектарға пияз отырғызылса, биыл 25,1 мың гектарға егілген. Оның ішінде Шу ауданында – 13,1 мың гектарды, Жамбылда - 5,6 мың гектарды, Қордайда - 3,7 мың гектар және Байзақта – 1,8 мың гектарды құрайды.

Айта кету керек, еліміздегі пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі. Қазірге дейін аймақтағы шаруалар 1,1 миллион тонна өнім жинап, әр гектардан алынған орташа өнім 458,8 ц/га айналуда.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірдегі пияз алқабының көлемі соңғы 5 жылда 10 мың гектарға ұлғайған. 1 гектардан алынатын өнім көлемі де артуда. Мәселен, 2019 жылы орташа өнімділік 273,4 ц/га құраса, 2020 жылы 306,7 ц/га жеткен болатын. Биылғы түсім де көңілден шығады,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы аймақта егілген пияз дақылының 20 мың гектарына су үнемдеу қондырғылары енгізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың гектарға артық. Сондай жаңа технолоияның игілігін көріп отырғандардың бірі Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық округіндегі «Ақкөл» шаруа қожалығы.

Өңірдегі пияз алқабының көлемі соңғы 5 жылда 10 мың гектарға ұлғайған. 1 гектардан алынатын өнім көлемі де артуда. Мәселен, 2019 жылы орташа өнімділік 273,4 ц/га құраса, 2020 жылы 306,7 ц/га жеткен болатын. Биылғы түсім де көңілден шығады,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиналған өнім облыс тұрғындарының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің бірқатар облыстарына да экспорталуда. Сондай-ақ, бір бөлігі сақтау қоймаларына жиналуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды