Еурокомиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін оң бағалады

Сурет: Zakon.kz
Бүгінгі таңда қазақстандық авиакомпанияларда Еурокомиссияның ұшу қауіпсіздігі тізіміне ("қара тізім") және Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулер енгізу бойынша қауіптер жоқ. Еуропалық комиссия өкілдері осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қазанда Брюссельде қазақстандық делегация Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылық, авиаперсоналды лицензиялау және Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін жақсарту жөнінде пікір алмасты.

Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, еуропалық тарап жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар бойынша Қазақстан Республикасының авиациялық билігі қабылдап жатқан шараларды оң қабылдады.

Бұдан бөлек Еуропалық комиссия делегациясының басшысы 2019 жылдан бастап Қазақстанда іске асырылып жатқан азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделін жоғары бағалап қолдады және бұл ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарына толық сәйкес келетін әлемдегі ең озық және ең тиімді тәсілдердің бірі саналатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Еурокомиссия ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, әуе персоналын лицензиялау, ұшу қауіпсіздігі басқармасы, ҚАӘ процестерін стандарттау және ұйымның жаңартылған құрылымы салаларында атқарылған жұмыстардың барысын оң бағалап, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға шақырды. Еуропалық тарап осы мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Қорыта келе, Қазақстанның авиациялық биліктері ұсынған прогресс негізінде Еуропалық комиссия өкілдері бүгінгі күні қазақстандық авиакомпанияларда Еурокомиссияның ұшу қауіпсіздігі тізіміне («қара тізім») және Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулер енгізу бойынша қауіптер жоқ екенін растады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады