Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстады. Анықталғандай, ұсталғандар екі сібір елігін атып алған, деп хабарлайды Polisia.kz
Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіледі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.
Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.