Қазақстан ТМД-ға төрағалық ету миссиясын Қырғызстанға берді

Сурет: primeminister.kz
28 қазанда Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету эстафетасын Қырғызстанға берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазақстан үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов атап өткендей, отырыстың күн тәртібі өзекті және практикалық құжаттарға толы болды. Олардың қабылдануы Достастық мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Жақында өткен Астана саммитінде Достастыққа төрағалық ету эстафетасы Қырғыз Республикасына берілетіні белгілі болды. Осыған орай қырғыз достарды осы маңызды және құрметті миссиямен құттықтағым келеді. Әлихан Смайылов

Сөз соңында Премьер-министр делегация басшыларына кездесуге арнайы қатысқандары үшін алғыс айтып, оны ұйымдастыруға көмектескен ТМД Атқару комитетіне алғысын білдірді.

28 қазанда Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстан
ТМД
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады