Синоптиктер 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: pixabay
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидроме" РМК мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз 8-10°C жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде 5-7°C, күндіз 14-16°C жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 9-11°C, күндіз 11-13°C жылы.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін