Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрететін Наталья: Мемлекеттік тілді білу – парыз

Қарағанды облысында қазаққа келін орыс келіншек өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретеді. Одан бөлек шағын бизнесі - тігін цехы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлты орыс болса да, жаны қазақ Наталья Иванқызы шағын кәсібін 4 жыл бұрын бастаған. Қытайдан әкелінген арнайы қондырғымен кез-келген бұйымға сурет салуға болады. Ою- өрнекпен кестеленген жастық, көрпеше, орамалдар ерекше сұраныста, - дейді ол, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қазақтарда той көп. Ою-өрнек аздап қосылса да басқаша, әдемі болып көрінеді, сыйлықтың да мағынасы өзгереді. Қарағанды қаласының тұрғыны Наталья Арыстанова

Кәсіпкер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тіккендіктен қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап етеді. Ол өзге ұлт өкілдерін қазақша оқытады. Оның пікірінше, мемлекеттік тілді білу - әр қазақстандықтың парызы.

Қысқа мерзімді 21 күндік курс. Сертификат алды. Сонда тұтынушылармен қазақша сөйлей алады, мемлекеттік тілде қызмет көрсете алатын алғашқы шағын сөздерді білуге қол жеткізді. Мысалы, сізге көмек қажет пе? Сәлеметсіз бе, сапа деген секілді күнделікті қолданыста қажетті керек сөздерді игереді. Қарағанды қаласының тұрғыны Наталья Арыстанова
Мінезі ақкөңіл. Бізбен қазақша сөйлеседі, қазақша түсіндіреді, қазақша айтады барлығын. Сатушы Дана Қалмағамбетова

Ал үйде Наталья ұлттық салт- дәстүрді сақтайды. Екі баласын қазақи тәрбиеге баулыған. Жұма сайын міндетті түрде шелпек пісіріп, майдың иісін шығарады.

Күздік те бар, соғым да бар. Неге десеңіз кісі көп келеді үйімізге. Қазы айналдыру дегенді ешкімге сеніп тапсыра алмаймын, өзім жасаймын. Қарағанды қаласының тұрғыны Наталья Арыстанова

Наталья Иванқызы Ақтөбе облысында туып өскен. Орыс мектебін бітірген. Алайда бала кезінен қазақ тілін үйренуге құштарлығы мен қазақи ортамен араласу арқылы осындай деңгейге жеткен. Өз отаныңның тілін білу әрі міндет, әрі абырой, әрі мақтаныш деген ол өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін меңгеруге шақырады.

Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: