Алматыда қар жауып, күн күрт суытады – Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, снег, высокогорный спортивный комплекс, каток, высокогорный каток Медео, высокогорный каток Медеу, Алматы, Алматы зимой, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 16:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
25–27 қарашада Астана мен Алматыда жаңбыр мен қар жауады, ал Шымкентте жаңбыр күтіледі. Үш қалада ауа температурасы −2°C пен +25°C аралығында болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы 25, 26 және 27 қарашаға арналған жаңартылған ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

25 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде −2…0°C, күндіз +3…+5°C болады.

26 қарашада күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде −1…+1°C, күндіз +6…+8°C болады.

27 қарашада күн бұлтты болады. Кей уақытта жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Екпіні 15–20 м/с, түнде кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Түнде де, күндіз де ауа температурасы −2…0°C болады.

Алматы

25 қарашада күн ала бұлтты, түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C болады.

26 қарашада күн ала бұлтты болады. Түстен кейін жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C болады.

27 қарашада күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +6…+8°C болады.

Шымкент

25 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C болады.

26 қарашада күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C болады.

27 қарашада күн ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +8…+10°C болады.

Бұған дейін Алматыда жаңбыр мен су басу қаупіне байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған едік. Осыған орай қала әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: