Павлодарлық келіншек инвестиция алу үшін алаяқтарға 19 млн теңге аударған

Сурет: pexels
Алаяқтардың арбауына түскен Павлодар тұрғыны 19 миллион теңгеге несие рәсімдеген. Полицейлердің Zakon.kz сайтына хабарлауынша, жәбірленуші Instagram желісінде пайдалы инвестиция туралы жарнамаға сеніп қалған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оған Telegram желісінде хабарлама жазып, инвестиция салудың артықшылықтары туралы айтқан. Сонан соң "менеджер" телефон соғып, белгілі бір қосымшада тіркеуден өтіп, ақша салу керек екенін түсіндіріпті.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнан соң әйел 19 млн теңгеге несие рәсімдеген. Ол барлық соманы қосымша арқылы алақтарға аударған.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаскүнемдердің жеке басын және тұрған жерін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін