Тоқаев: Маңғыстау облысы қай тұрғыдан алып қарасақ та, ерекше аймақ

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде облысқа ерекше көңіл бөлгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, тәуелсіздік жылдарында облыстағы халық саны 2,5 есеге өсті.

Өңірде халық санының күрт көбеюіне байланысты бірқатар мәселелер бар. Оны біз жақсы білеміз. Мүмкіндікке қарай бәрін біртіндеп шешіп жатырмыз. Жалпы, Маңғыстау облысы әрдайым менің ерекше назарымда. Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен кезде ең алдымен киелі Түркістан мен Маңғыстауға барғанымды білесіздер.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ президент былтыр өңірге арнайы келіп, облысты дамыту туралы ауқымды жиын өткізгенін атап өтті. Сол кезде үкімет пен әкімдікке Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарын бекіту тапсырылды. Құжат қабылданып, оны жүзеге асыруға тиісті қаражат бөлінді.

Өңірдің бәріне бірдей арнайы жоспар қабылданып жатқан жоқ. Осының өзі Маңғыстау жұртының тыныс-тіршілігін жақсартуға айрықша мән беретінімізді көрсетеді. Ендігі міндет – бұл жоспарды мүлтіксіз орындап, өңірді көркейту. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы тоғыз жолдың торабында тұрған қазыналы өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті. "Маңғыстау облысы қай тұрғыдан алып қарасақ та, ерекше аймақ", деп сөзін түйіндеді Президент.

Ақтау
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды