Қазақстанда президенттікке кандидаттардың дебатын өткізуге 63 млн теңге жұмсалады

Сурет: Zakon.kz
"Хабар" телеарнасының эфирінде теледебаттарды ұйымдастырып, өткізу үшін арнаға 63 миллион теңге бөлінді. Бұл жөнінде 8 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өкілдері мәлімдеді. Телеарна өкілі Дәулетхан Жиенқұлов шығын неге жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, кандидаттардың теледебаттарын өткізуге қаражат Орталық сайлау комиссиясының шығындар сметасында қарастырылған.

63 млн теңге, бұл сома (пікірталасқа – ред.) "Хабар" телеарнасының өтінімі бойынша берілді. ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова

"Хабар" телеарнасы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов қаржы бөлінгенін растап, 63 миллион теңге қандай мақсатта жұмсалатынын нақтылады.

Студияны ұйымдастыруға, жарықтандыруға, тікелей эфир кезінде байланысқа, қосымша қызметкерлерді жұмысқа алуға (қаражат жұмсалады – ред.) Дәулетхан Жиенқұлов

11 қараша күні сағат 20:00-де "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың теледебаты өтеді.

Дебатқа қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына сенімді өкілі, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысады.

Кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды