Руслан Желдібай Тоқаевтың территориялық тұтастық жөніндегі мәлімдемесін түсіндірді

Сурет: akorda.kz
11 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында президенттің Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Желдібайдың сөзінше, Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Ол Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішке орай жасағанын атап өтті.

Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан.Руслан Желдібай

Саммитте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын табанды түрде қолдайтынын айтқан еді.

Бұл – еліміздің негізгі мүддесіне толығымен сай келетін қажетті қағидат. Сондықтан бұл қағидатқа басымдық ретінде баса назар аударамыз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі