Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов құрылыс жүріп жатқан желілік саябаққа барды

Сурет: Ақтөбе қаласының әкімдігі
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қаланы аралап, Батыс-2 шағын ауданындағы желілік саябақтың құрылыс барысын бағамдады.

Саябақ құрылысы өңір басшысының бастамасымен жүзеге асырылды. Мұндағы мақсат - қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына қолайлы және жайлы жағдай жасау.

Мәңгілік ел мен Тәуелсіздік даңғылдарын жалғайтын демалыс орнының құрылысын "Қазақстанның Q88 урбанистер қауымдастығы" жүргізіп жатыр. Осыдан бір ай бұрын басталған жұмыс қарашаның соңына дейін аяқталады.

Ұзындығы 550 метр болатын саябақта жаяу жүргіншілер жолымен қатар веложолақ,балаларға және егде жастағы адамдарға тынығатын орын, Workout алаңы болады. Сондай-ақ 30-дан астам кіші сәулет нышаны қойылып, 65 жарық шам орнатылады.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі