СҚО полицейлері үш күннің ішінде 11 атыс қаруын тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Көп жағдайда адамдар қаруды сақтаудың қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтамай жатады. Қызылжар ауданындағы бір ауылдың учаскелік полиция инспекторы бір күннің ішінде екі ИЖ мылтығын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жағдайда да мылтықтар үй кіреберісінде сақталып келген, бұл ретте біреуінің үйінде кәмелетке толмаған балалары болған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материалдар жинастырылды. Алынған мылтықтар сараптамаға жіберілді.

Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде бір травматикалық тапанша мен тіркелмеген 10 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Қаруды өз еркімен тапсыру ғана жауапкершіліктен босататыны туралы еске саламыз. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде 1477 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішіндегі 300-ге жуығы – қоғамдық орында ішімдікті ішу немесе масаң күйде жүру фактілері. Тұрмыс саласында 93 құқыққа қайшы факті тіркелді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жасөспірімдер түнгі уақытта үйден тыс немесе ойын-сауық орындарында жүрген, бұндай 70 факті анықталды. Облыс жолдарында 17 мас жүргізуші ұсталды, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты