Тоқаев: Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру керек

Сурет: Zakon.kz
16 қараша күні Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігіне қарай бейімдеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды" екенін тілге тиек ете келе, оларға мейлінше ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыруымыз қажет екенін айтты.

"Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек", – деді Президент.

Оның сөзінше, қазір Алматыда 55 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 13 мыңы еркін жүріп-тұра алмайды.

Оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажет. Бұл жұмыс мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, қарт кісілер және балалар үшін де өте маңызды. Сондықтан, әкімдік қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін осындай жандардың қажеттілігіне бейімдеуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ойын түйіндей келе, Мемлекет басшысы халыққа қызмет көрсету орталықтарын, ауруханалар мен емханаларды, білім беру және спорт мекемелерін осы талапқа сай келтіруді тапсырды.

Алматы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды