Тоқаев: "Шыңғыс хан қай рудан шықты?" деген талас-тартысты қою керек

Сурет: akorda.kz
16 қараша күні Алматы халқымен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір зиялы қауым өкілдерінің ісін сынға алып, бос әңгімелерді тоқтатып, озық болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісетінін, халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек екенін айтты.

Бос әңгімелерді тоқтату қажет. Мысалы, Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауымның кейбірі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар.Қасым-Жомарт Тоқаев

"Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет" деген Президент көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатқанын тілге тиек етті.

"Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті, еңбекқор адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, туыстармен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген.Сондықтан, құрметті ағайын, бәріміз озық болайық!"Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының пайымдауынша, сонда ғана жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады, көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады.

Қазақстан
Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді