Алматыда ғарыштан ерекше боп көрінетін бақ пайда болды

Сурет: Instagram/daut.shaikhislamov
Алматыда қаланың халықаралық коды – ALA жазуын көрсететін бақ пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақ Алатау ауданында, Момышұлы көшесінің шығысына, Мөңке би, көшесінің солтүстігіне қарай ЖЭО – 2 аумағының санитарлық-қорғау аймағында орналасқан. 3,36 га аумаққа биіктігі 2 метр болатын 2500 түп қылқан жапырақты арша көшеті отырғызылды.

Бақ әуе кемесі қонуға келе жатқанда жолаушыларға әріптер көрінетіндей етіп отырғызылған.

Ұйымдастырушылар бірегей бақ Гиннестің рекордтар кітабына ағаштан жазылған ең үлкен сөз ретінде кіруі мүмкін деп отыр.

Идея авторы – қоғам қайраткері, продюсер, бұған дейін ғаламшардың 193 елін "Әлем суреті" халықаралық әлеуметтік арт жобасына біріктірген Дәуіт Шайхисламов.

18 қарашада Алматы қаласының әкімдігі мен қоғам қайраткерлері ағаш отырғызу жұмысын аяқтайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін