Президент сайлауын мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды

Сурет: "HAQ" қоғамдық қоры
Мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы кезектен тыс президент сайлауының ашық әрі әділ өтуіне атсалыспақ. Бұл туралы "HAQ" қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы Астанадағы белсенді жастар және қоғам белсенділерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

"HAQ" қоғамдық қоры – 20-қараша күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет алып отыр. Тоғжан Қожалының айтуынша, осы 1000 шақты азамат еліміздің 11 аймағындағы сайлау учаскесінде бақылаушы болады.

"Тәуелсіз бақылау демократиялық қоғам құру үшін керек. Сайлауға тәуелсіз бақылаушылар көп қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 бақылаушы болуы қажет. Елде 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар болса, 20 мыңнан астам бақылаушыны жұмылдыруымыз керек", - дейді Тоғжан Қожалы.

Халық сайлаудың әділ өткеніне күмәнданбас үшін "HAQ" қоры бақылаушыларды өзі оқытады. Бақылаушылардан әр өңірде топтар мен штабтар құрылады. Осылайша қор сайлаудың соңына қарай халыққа, шетел елшіліктеріне, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына сайлау қалай өткені туралы есеп бермек.

Әр өңірде тәуелсіз бақылаушы болатын адамдар саны:

Жалпы 982 адам бақылаушы болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды