Оның айтуынша, қаншама қиындықтарға қарамастан, халық барлық қиындықтардан табандылықпен өтті.
Ол қазір «алдымызда жаңа міндеттер мен мақсаттар тұрғанын» нақтылады.
«Барлық халық маған дауыс берсе, бағдарлама орындалып, жүзеге асуы керек». Қасым-Жомарт Тоқаев
Сөзінің жалғасында президент «жұмыс көп» деді.
"Биыл саяси реформаларды жүзеге асырдық. Жазда референдум өтті. Қазір кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр". Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаев маңызды жұмыстар атқарылып жатыр және атқарылатын болады деп түйіндеді.
Сондай-ақ, Қазақстан басшысы өз сөзінде президент сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуге міндетті емес екенін атап өтті.