Алматының сейсмолог мамандары бір кеште үш жер сілкінісін тіркеді

Сурет: Indiana university
Үш жер сілкінісінің ошақтары Алматы қаласынан 470, 525, және 290 шақырымдағы жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ-ға қарасты сейсмикалық станциялар желісі 21 қарашада Алматы уақыты бойынша 20 сағат 32 минут 39 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 470 шақырымда Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.8. MPV магнитудасы - 4.8. Тереңдігі - 5 км. МЗК-64 шкаласы бойынша сезілу белгілері туралы ақпарат жоқ.

19 сағат 34 минут 29 секундта зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 525 шақырымда Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 4.3. Тереңдігі - 10 км. МЗК-64 шкаласы бойынша сезілу белгілері туралы ақпарат жоқ.

18 сағат 30 минут 35 секундта зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 290 шақырымда Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 4.1. Тереңдігі - 10 км. МЗК-64 шкаласы бойынша сезілу белгілері туралы ақпарат жоқ.

Қазақстан
Қытай
Қырғызстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды