НАТО Украинаға жәрдемдесуге уәде берді

Сурет: Украина президентінің ресми интернет парақшасы
Киев НАТО-ның екікүндік саммитінде Батыстан жаңа қару сұрады. Одақтастар болса, Киевті алдағы қыста қолдауға уәде еткенімен, оған нақты қандай арсенал жөнелтетінін ашық айтпады.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның мәлімдеуінше, оның еліне қазір «Пэтриот» зымыранға қарсы жүйесі өте қажет. Өйткені мұндай қарумен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қиратып жатқан Ресей ракеталарын құлатуға болады. Сонымен қатар Кулеба Ресейдің бронетехникадағы үстемдігін жою үшін батыстық үлгідегі танктерді де сұрады.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса, Солтүстікатлантикалық альянс үшін қазір басты міндет – Ресейді жеңу екенін атап өтті. Оның сөзінше, осы мақсатқа жету - Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесін қарасытыруға жол ашады.

Сонымен қатар НАТО Украина армиясына аса қажетті советтік дәуірдегі артиллериялық снарядтар өндірісіне инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды