Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында "Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ-і күзге уақыттағы тұқымбаққа кезекті сексеуіл көшеттерін егу жұмыстарын 20 га жерге жүргізді.
"Сексеуіл – шөл далаға төзімді өсімдіктер санатына жатады. Ал теңіз табанының тұзы мен құмын тұсаудың экологиялық тиімді және қауіпсіз жолы – сексеуіл тұқымын егу. Сексеуілдің тиімділігінің бірі көп баптауды, сондай-ақ суды көп мөлшерде қажет етпейді. Өңіріміздің экологиялық мәселесін оңалту да үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз", – дейді мекеме қызметкерлері.
Жалпы, елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймаққа айналдырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары аясында алдағы 5 жылда 467,7 гектар жерге 1,1 млн-нан астам жергілікті климатқа бейімділген ағаш көшеттерін отырғызу жоспарда тұр екен.