Ақтөбе облысында қант зауыты салынады

Сурет: Ақтөбе әкімдігі
Астанада өткен «Investment Aktobe-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Omtis Ortadoğu Makina компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Гүлтекин қант зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толықтыру жөніндегі тапсырмасы аясында Батыс Қазақстанда қант қызылшасынан түйіршіктелген ақ қант өндіру бойынша ірі жоба жүзеге асырылмақ.

Қант зауытының құрылысы - Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі, өйткені, еліміздің, атап айтқанда, Ақтөбе облысының нарығы импортқа тәуелді.

Күрделі инженерлік жобаларды салуда үлкен тәжірибесі бар Omtis Ortadoğu Makina 550 миллион АҚШ долларын инвестициялауға дайын. Зауыттың қуаттылығы жылына 330 мың тоннаны құрайды. 180 жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, форумға 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, шетелдік және отандық ірі бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Халықаралық шара өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, сондай-ақ Ақтөбе облысының экономикасына ішкі және шетелдік инвестициялардың ағынын одан әрі тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты