Желі қолданушылары аборт туралы клип түсірген Мирас Жүгінісовты сынға алды

Әнші Мирас Жүгінісов бірнеше уақыт бұрын "Жанамын" әніне бейнебаян түсірген еді. Клипте жастайынан жүкті болған қыздың өмірі мен шешімі көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебаян жарық көргенде Мирас аборт жасауды қазіргі маңызды мәлесе деп есептейтінін айтқан еді.

"Бұл клипте осы мәселені қозғадық. "Мүмкін сол бала елімізге пайдасы тиетін бала болар ма еді?!" деген оймен. Ән де адамның ішкі жан дүниесіндегі күрес жайында. Ашулы болып, қате шешім қабылдап қоймаңыздар! Клипті көріп, әнді тыңдап, өздеріңізге керегін алуыңызға болады", - деп жазды Мирас Жүгінісов.

Мирас Жүгінісов бейнебаян шыққан соң Қанат Бейсекеевтің Зamandas подкастына қонаққа барған. Онда подкаст жүргізушісі әрі фильммейкер Қанат Бейсекеев інісі ретінде Мирастың клипін сынға алды және сәтсіз жұмыс екенін атап өтті.

"Клипте сен проблеманы бір жақты көрсеткенсің. Ондағы мессендж "Егер әйелдер аборт жасамаса, ана болар еді, ал ол балалар өмір сүретін еді" дегенге ұқсайды. Меніңше, сенің мұндай тақырыпты қозғағаның әділ емес. Себебі сен бейнеклипте "Ол баланы қалай ма, қаламай ма - әйел өзі біледі, әрқайсының өз шешімі" деген нәрсені жіберіп алып тұрсың. Клипте сен аборт жасаған әйелдерді сөгіп тұрғандай көрінеді", - деді Қанат Бейсекеев Zamandas подкастында.

Ал Мирас абортқа қарсы екенін айтып, кез келген істің артында үлкен жауапкершілік тұрғанын жеткізді.

"Адам қандай қадамға бармас бұрын әуелі неке қиып, бәрін дұрыс жолмен жасауы керек".Мирас Жүгінісов

Дегенмен әншінің тыңдармандары мен қазақстандықтардың түсік жасатуға қатысты пікірі сан-саққа бөлінді. Бірі осындай клип түсіргені үшін әншіні сынға алды, екіншісі өзекті тақырыпты қозғағанын қолдап жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: