2023 жылы ауа райы қандай болады

Қоянды басқа жыл иелерінің арасында ең бақыттысы санайды. Шығыс жылнамасы қоян жылын уайым-қайғы артта қалатын, адамдар үшін тұрақты, тыныш жыл болады деп жақсыға жориды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоян қандай жануар?

Қоян табиғатынан қорқақ жануар болғанымен мінезі жайлы, еңбекқор, жүйрік саналады. Сондықтан бұл жылы отбасы, туған-туыстармен жақсы қатынаста болу маңызды. Ал шығыс елдері таным-түсінігінде қоян адамға сәттілік алып келеді. Сондықтан бастаған іс берекелі болады деп топшылайды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасындағы материалда айтылды.

"Қоян – өте бейбіт жануар. Сүйіспеншілікті, қамқорлықты жақсы көреді. Өзіне түсініксіз дүниелерден қорқады, күйзеліске шыдай бермейді. Олар балалауға бейім. Сондықтан бұл жыл отбасын құруға, сәбилі болуға оңтайлы", – деді биолог, зоодүкен қожайыны Фаррух Кулиев.

Қоян жылы ауа райы қандай болуы мүмкін?

Ал ел арасында қоян жылы қыс қатты болады деген сөз айтылады. Жазы өте мамыражай, шөбі шүйгін болады деседі. Сондықтан қыстың қамына ерекше мән берген дұрыс дейді этнограф.

"Анығын Алла біледі. Бірақ қазақтың байырғы есепшілерінің тарихта қалған жылнамалық ауа-райын болжау есептерінде биылғы Қоян жылы қаңтардың 20-25, ақпанның 15-20 аралықтарында солтүстік жақтан қатты боран болуы мүмкін. Оңтүстік жақ бірде ысып, бірде жылып тұрады деген болжам бар", – деді этнограф Болат Бопай.


Қазақстан Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: