Өскеменде танысына пәтер сатуға көмектескен ер адам кейін оның ақшасын ұрлап кеткен

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 11:33 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өскеменде пәтерін сатқан ер адамның 8 миллион теңгесі ұрланды. Күдікті ретінде оның танысы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 қарашада хабарлағандай, күдікті бұған дейін жәбірленушіге пәтер сатып алушыны табуға көмектескен.

"48 жастағы ер адам баспанасын сатқаннан кейін 8 миллион теңге алған. Алайда ақшасын қараусыз қалдырып, бүкіл сомадан айырылған. Полицейлер анықтағандай, оның 26 жастағы танысы осы жағдайды пайдаланып, қолма-қол ақшаны ұрлаған. Ақшасының жоғалғанын байқаған ер адам полицияға жүгінді", – делінген департамент хабарламасында.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция жылжымайтын мүлік сатып алу-сату кезінде есеп айырысу тәртібін алдын ала ойластыруға, қолма-қол ақшаны қараусыз қалдырмауға және мәміленің барлық кезеңінде қаражаттың сақталуын қамтамасыз етуге кеңес береді.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында бір әйел сиырын күйеуінен жасырын сатып, кейін полицияға малым жоғалды деп арызданған. Кейін ол арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін жауапқа тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: