Қостанай облысында ер адам есігі жабылмаған көліктен 1,5 млн теңгені ұрлап кеткен

Қостанай облысында ер адам есігі жабылмаған көліктен 1,5 млн теңгені ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 21:17 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде белгісіз ер адам Меңдіқара ауданы Харьков ауылындағы қоршалған жеке үйдің аумағына кіріп, есігі жабылмаған Газель көлігінен ақшасы бар барсетканы ұрлап кеткен. Сөмкеде 1,4 млн теңге болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары осы ауылдың 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден ұрланған барлық ақша тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Іс сотқа жолданды.

Кінәлі деп танылған жағдайда күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: