Қостанай облысында ер адам дүкеннің пластик есігін бұзып, 2 миллион теңгені ұрлаған

Қостанай облысында дүкен тонаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 18:01 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын ұрлық үшін сотталған Ақтөбе облысының 31 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде түнде пластик есікті бұзып, дүкенге кірген. Сейфтен 2 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша мен жалпы құны шамамен 3 миллион теңге болатын тауарды (темекі, алкоголь өнімдері мен қырынуға арналған станоктар) ұрлаған. Келтірілген жалпы залал 5 миллион теңгеден асты.

Күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Жүргізілген тінту барысында заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдікті қылмыс жасаған кезде және ұрланған мүлікті тасымалдау үшін пайдаланған Lada Priora көлігі де тәркіленді.

Ұсталған азамат Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылып, Қостанайдағы тергеу изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: