Астанада ер адам досының үйіне қонаққа барып, телефонын ұрлап кеткен
Сурет: ҚР ІІМ
Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның досына қонаққа барғаны белгілі болған.
Бірлескен бас қосудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқанда, қаскүнем шыға беріс дәлізде Samsung телефонының зарядталып жатқанын байқады.
Осы сәтті пайдаланып, күдікті азамат гаджетті алып кеткен. Қонақ кеткен соң әйел телефонының жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқан.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript