Алматыда қар қашан тоқтайды

Сурет: Zakon.kz
4 қаңтарға қараған түні Алматыда қар жауа бастады. Алматы әкімдігі ауа райы болжамына сүйене отырып, қар түске таман тоқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы  таңғы сағат 06:00-ден бастап қалада қалың қар жауа жауа бастағанын, екі сағатта қар жамылғысының биіктігі 3 есеге артқанын мәлімдеді.

"4 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша тау бөктерінде 15-18 см, қалада 10 см-ге дейін қар жауды. Шымбұлақта жауған қардың қалыңдығы 60 см болды", – делінген хабарламада.

Қар жауғанға дейін қаланың барлық аудандарында құм себушілер кезекшілікке шыққаны мәлім болды.

"Қар жауа бастағаннан бері жолдарға көктайғақ болдырмайтын материалдар шашыла бастады. Полицияның патрульдік көліктерінің сүйемелдеуімен 17 қар күрейтін колонна ұйымдастырылды. Қар шығаруға 32 тиегіш пен жүкті өзі аударатын 70 көлік жұмылдырылды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, таңертеңнен бері қала жолдарында 524 арнайы техника мен 1240-қа жуық жолшы жұмыс істеп жатыр.

"Қазгидромет" РМК ұсынған болжамға сүйенсек, 4 қаңтарда Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Ауа температурасы Цельсий бойынша екі градусқа дейін көтеріледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі қарлы боран мен көктайғақ салдарынан тас жолдардың 109 учаскесі жабылғанын, оның 41-і республикалық және 68-і облыстық маңызы бар жолдар екенін хабарлады. Блок-бекеттерде 600 автокөлік тұр.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы