2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады

Сурет: Zakon.kz
2023 жылы қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс күндері сирек болады. Мысалы Жаңа жыл мейрамында небәрі 3 күн демалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы Рождество сенбіге келеді. Дегенмен мереке демалыс күніне түссе де, басқа күнге ауыстырылмайды. 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сәрсенбі күніне түседі. Бұл күні 1 күн демаламыз.

Наурыз мейрамын тойлауға 3 күн демалыс беріледі. Ол сейсенбі, сірсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Яғни қазақстандықтар 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. 

Ал мамыр айында біз 3 мерекені қатар тойлаймыз. Сәйкесінше 4 демалыс күнін атап өтеміз:

2023 жылы Құрбан айт сәрсенбіге сәйкес келеді. Биыл оны 28 маусымда тойлаймыз.

Қазақстанда 2023 жылы демалыс күндерін ауыстыруға байланысты 6 шілдеде Астана күніне 4 күн демалыс жоспарланған. 6 және 7 шілде, содан кейін тағы 2 күн - сенбі және жексенбі. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

30 тамызда бір күн демаламыз. Конституция күні биыл сәрсенбіге сәйкес келеді.

25 қазан – Республика күні – біз де бір күн демаламыз, сәрсенбіге келеді.

Желтоқсан айында Тәуелсіздік күні 3 күн демалыс болады: 16, 17 және 18 желтоқсан (демалыс күнінің кейінге шегерілуіне байланысты).


Сурет: Zakon.kz

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты