"Алданып қалмаңыз": Димаш Құдайберген желіде әншінің атынан ойын ұйымдастырғандар туралы ескертті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне видео үндеу жасап, өте маңызды ақпаратты бөлісті. Бәзбіреулер Димаштың атынан парақшалар ашып, ақша ұтысын ұйымдастырып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өте маңызды, соңына дейін тыңдауыңызды сұраймын" деп жазды ол.

"Түрлі әлеуметтік желіде "Димаш Құдайберген" болып ашылған парақшалар халыққа да, маған да зиянын тигізіп жатыр. Мен ешқашан интернет арқылы ақша сұрайтын ойындар өткізбегенмін. Тыңдарманым біле жатар, тікелей эфирге 3-4 рет қана шыққанмын. Онда да ол тікелей эфир шығармашылықтағы жаңалықтарымды бөлісу үшін ұйымдастырылған. Тура сол эфирден скриншот жасап алып, бәзбіреулер өздерінің алаяқтық әрекеттеріне пайдаланып жатыр. Сақ болыңыздар. Алданып қалмаңыздар. Жалпы ешкімге интернет арқылы ақша жібермеңіздер", - деді Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасындағы видеоүндеуде.

Әншінің бұл ескертуіне жанкүйерлері құлақ асып, оны қолдап жатыр.

Бұған дейін Димаш, Раушан, Мансұр Құдайбергендер бірлесіп ән жазып жатқанын хабарлаған едік. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты