Астана мен Бейжің арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданады

Сурет: pixabay
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен бірлесіп Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты әуе рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік осы жылдың 25 наурызынан бастап Air Astana әуе компаниясы аптасына үш рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) Астана – Бейжің бағыты бойынша рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Ұшулар А-321 LR ұшақтарында орындалады.

Сондай-ақ осы жылдың 13 ақпанынан бастап Air Astana Алматы мен Бейжің арасындағы рейстерді бір рейстен (дүйсенбі) аптасына бес рейске (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп арттыруды жоспарлап отыр. Ал көктемгі-жазғы навигация кезеңінде аптасына бес-жеті рейске дейін артады.

Ұшулар А-321 типті ұшақтарда орындалады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің артуы, әсіресе, ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толық пайдалануға ықпал етеді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек