2022 жылы елден қанша адам кетті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, 2022 жылғы қантар-желтоқсанда елден 24 239 ада кеткен, ал келгендер саны 17 293 адам болды. Көші-қон сальдосы – -6 946 адам, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистердің мәліметінше, 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% болды.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы обласында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы


Қазақстан
ТМД

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі