"11 ақпанда Түлкібас ауданының Шақпақ баба ауылы, А-2 "Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында (593-632 шақырым, Жамбыл облысы – Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылған. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.
Жұмысқа төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар "жедел желі " телефоны ашылды: 8(7253) 357881
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысындағы тас жолда да 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалғанын хабарлаған едік.