Жамбыл облысында сұйытылған газ тапшылығынан бекеттер жабылып, қызметкерлері жұмыссыз қалды

Жамбыл облысында көлікке құятын сұйытылған газ жетіспей жатыр. Өңірлерге тым аз мөлшерде келгендіктен газ құю бекеттерінің көбі жабылып, ондағы қызметкерлер қысқарып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, газ құятын бекеттің бәрі талон арқылы құйып жүрген, қазір бұлай да құю мүмкін емес екен. Ал газ құю бекеттеріндегі қызметкерлер жұмысынан қысқарып қалған. Өйткені кейбір бекеттер жұмысын тоқтатқан. Кәсіпкерлер жергілікті шенеуніктерді "газды теңдей бөлмей отыр" деп кінәлап отыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
"Он шақты бекеті барларға 1 000 тонна береді. Олар мұны бір айда сата алмайды. Жамбыл облысының тұтынуына байланысты. Олар үстіне қосып, көтерме бағамен сатады. Менің ойымша, бұл әділетсіз". Газ құю бекетінің директоры Гүлжамал Башығұлова
Энергетика басқармасы мұны жоққа шығарды. Олар газ министрлік бекіткен талаппен таратылады дейді.
"Бұл бойынша "Атамекен" ассоциациямен бірлесіп, ұсынысты беріп жатырмыз. Жақын арада энергетика өз бұйрықтарына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Сол кезде айтқан ескертпелер енгізілген кезде тек көтерме сауда есептеуді алған кезде бұл кісілерге көбірек бөлінеді деп ойлаймыз". Жамбыл облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Мәулен Қожақов
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: